Instagram-да науқас балалардың суреттерін жариялап, 32 млн теңге "пайда" тапқан

Алматы облысының полицейлері Шымкент қаласының тұрғыны ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Талғар ауданында тұратын балаларды емдеуге қаражат жинауға көмек көрсету сылтауымен Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашқан.

Күдікті онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны белгілі болды. Ақша қаражаттарының қозғалысын бақылап, алаяқты анықтауға мүмкіндік туды. Жалған есеп шотқа 6 000-ға жуық ақша аударымы жасалып, жалпы келтірілген залал 32 миллион теңгеден асты, - деді облыстық ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы