Балаларға Instagram-да аккаунт ашуға жас шектеуі қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді 13 жасқа толмағандар Instagram-да жеке аккаунт аша алмайды, себебі Instagram желіні пайдалану нұсқаулығын жаңартты. 

Енді әлеуметтік желіге тіркелер алдында пайдаланушының туған жылы сұралатын болады. Бұл балалар мен кәмелетке толмаған жеткіншектерді зиянды ақпараттардан қорғау үшін жасалып отыр. 

Аталмыш жаңашылдық 4 желтоқсаннан бастап енгізілді. Instagram-ның талабы бойынша, желіні қолданушының жасы кем дегенде 13-тен жоғары болуы тиіс, - делінген хабарламада. 

Instagram қолданушының жасы туралы ақпарат құпия сақталып, басқа пайдаланушыларға көрінбейді. Ол жаңа тіркелген жас қолданушыларға сәйкес келетін қауіпсіздік параметрін ұсыну үшін қолданылады.

Бұған қоса, жаңа ережеге сәйкес, direct-ке кімнің хабарлама қалдыруына болатыны айқындалды. Мәселен, желіні жаңартқан қолданушылар енді кез келген адамнан хабарлама ала алмайды. Оған тек өз оқырмандары ғана жаза алатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы