Инспекторлар бейнежетондарды пайдалану ережелерін сақтамаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Антикор» орталығында «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің бейнетіркегіштердің пайдалануына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарының нәтижесі туралы жиын өтті.

Жамбыл облысындағы аудандық, қалалық және фитосанитариялық бақылау бекеттерінде 27 видеожетон бар. Нақтырақ айтсақ, «Айша Бибі», «Сыпатай Батыр», «Қарасу», «Қордай» ФББ-де 2 видеожетоннан бар, ал «Тараз», «Құлан» темір жол посттарына 3 видеожетон берілген.

Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде бейнетіркегіштерді мемлекеттік инспекторлар ережеге сәйкес карантиндік бақылау жүргізілген жағдайда пайдалануы қажет. Алайда, «Қарасу», «Сыпатай Батыр», «Айша Бибі» мемлекеттік кедендерінде орналасқан фитосанитарлық бекеттеріне жүргізілген мониторинг нәтижесінде қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерге немқұрайлы қарайтындығы және бейнетіркегіштерді жұмыс барысында мүлдем қолданбайтындығы анықталған.  

Жиын соңында жоғарыда аталған кемшіліктерді ескере отырып, мекеме басшыларына аудан қызметкерлерін бейнежетонмен қамтамасыз ету, құрылғыдағы материалдарды терминалға сақтау және 10 күн сайын мониторинг жүргізу шараларын қабылдау ұсынылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы