Инспекторлар бүлінген анар жемісін жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында Түркия елінен келген анар жемістерінен қауіпті карантиндік зиянкестері – комсток сымырын жұқтырған 2 318 кг жидекті анықтады.


АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған өнім тəркіленіп, экополигон аумағында өртеу əдісімен жойылды. Сонымен қатар, осы факті бойынша инспекторлар тарапынан əкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Комсток сымыры негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, цитрустер, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш, жəне басқада бақша көкөністері мен жемісжидектерін жəне жабайы өсімдіктерді зақымдайды. Қауіпті зиянкестер жаппай таралған кезде өсімдітердің қурауына əкеліп соқтырады, - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы