Инновациялық экожүйені құру маңызды болып тұр – Ерлан Дүрмағанбетов

Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Бүгінгі форумда талқыланатын ең қызықты тақырыптың бірі инновациялық экожүйені құру, енгізу, қалыптастыру болып отыр. Бұл туралы "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ның төрағасы Ерлан Дүрмағанбетов тілшілерге пікір білдіру кезінде айтты.

Оның айтуынша, қазір ЕАЭО елдері арасында инновациялық экожүйені құру маңызды болып отыр.

"Бүгінгі форумда талқыланатын ең қызықты тақырыптың бірі инновациялық экожүйені құру, енгізу, қалыптастыру болып отыр. Тек қана Қазақстанда ғана емес, бүкіл ЕАЭО елдерінің арасында қалай қалыптастыруға болады деген сұрақ кеңінен талқыланады. Бұл бүгінгі күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселе. Бүгін сол тақырып Үкімет басшыларының қатысуымен талқыланып, бұған дейін көтерілген нақты бастамалар қаралады", - деді ол

Сондай-ақ ол, форум аясында "индустирия4.0", "Шағын және орта бизнесті цифрландыру мәселелері", "технологиялық кәсіпкерлікті дамыту" мәселелері қаралатынын жеткізді.

"Жиында ЕАЭО елдері арасында технопаркті дамтыу мәселесі де қаралады. Қазір бұл одақтағы елдердің барлығында өз технопарктері бар, бүгінгі форумда осы технопарктер арасында ынтымақтастық орнату жағы қаралады. Яғни үш елдің Үкімет басшылары технопарктер арасында ынтымақтастық құру меморандумына қол қояды", - деді "Зерде" АҚ төрағасы.

Айта кетсек, Алматыда ЕАЭО мүше елдердің Үкімет басшыларының қатысуымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0.» форумы өтіп жатыр. Оған әлемнің ең ірі IT-компаниялардың құрылтайшылары, халықаралық ақпараттық технологиялық парктердің басшыларымен АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдерінің технологиялық индустрия саласындағы 50-ден астам өкілдері қатысуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы