Инфрақұрылым барлық азаматтарға тең қолжетімді болуы тиіс – депутат

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инфрақұрылымның қолжетімді болуы әлі де екінші кезекте қалып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, жобалық шешімдер әзірлеу кезінде жаяу жүргіншілерге арналған кеңістік пен байланыс жолдарының ыңғайлылығы жиі ескерілмейді. Негізгі басымдық автокөлік қозғалысына беріледі, ал қозғалысы шектеулі топтарға жағдай жасау мәселесі кейінге қалдырылып жатады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың мәлімдеуінше, инклюзивті және кедергісіз орта қалыптастыру – жаңа кодекс жобасының ең маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта нысандарға, тротуарларға және жолдарға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысты 20-дан астам норма қабылданған. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де талқыланып жатыр.

Мысалы, жолдарға қатысты қосымша нормаларды енгізуге дайынбыз. Кедергісіз тротуарлар мен арнайы жолақтар – бұл міндетті талап. Жолдарға қатысты нормалар міндетті түрде жаңа кодекс жобасына енгізіледі. Бір ғимараттың кіреберісінен екіншісіне дейінгі аралықта кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс. Барлық азамат еркін қозғалып, инфрақұрылымды толыққанды пайдалана алатындай жағдай жасалады, - деді Ерсайын Нағаспаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы