Инфрақұрылымның жоқтығынан экологиялық туризм дамымай жатыр – Нысанбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамытуға байланысты министрлік ұйымдастырған онлайн конференцияда айтылды.
Экологиялық туризм қазіргі таңда бүкіл әлемдегі ең ауқымды мәселелердің бірі. 2019 жылы ҚР үкіметінің қаулысымен ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.Мемлекеттік бағдарламаның 10 басым бағыттарының бірі – Алматы өңірінің тау кластерлері. Оның құрамына 4 ұлттық парк кіреді. Олар – Алтын емел, Шарын, Көлсай көлдері, Іле Алатау парктері. Экологиялық туризм – ұлттық байлықты, фауна мен флораны сақтап қана қоймай, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін табиғи бағдарланған туризм. Қазіргі таңда ұлттық парктердің әлеуеті тек ел азаматтарының ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристердің де назарын аударады, - дейді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.Туристердің жыл сайынғы келуінің өсіміне қарамастан, демалу үшін қарапайым жағдайлар мен қажетті инфрақұрылымның болмауынан экологиялық туризм тиісті түрде дами алмай жатыр.
Шарын ұлттық паркі үкіметтің қаулысымен 23 ақпанда 2004 жылы құрылған. Қазіргі таңда парк аймағында туристер үшін 4 маршрут бар. Олар Шарын тоғай аймағы, Шарын шатқалы қамалдар алқабы, жерлеу орындары мен қорғандар және Кіші Темірлік шатқалы. Ұлттық паркке 2019 жылы 20 640 турист келген. 16 млн теңгеден аса пайда келген.
Ұлттық парк аймағындағы автотұрақтар, дәретхана, бағыт белгілері, бақылау аймақтары, қоқыс жәшіктері, беседка, ақпараттық тақтайшалар, орындықтар заманауи талаптарға және келушілердің жайлы демалуы үшін сұраныстарға сай емес. Бұл дегеніміз осы парк аумағында экологиялық туризмнің негізгі проблемалары бар. Біріншіден, қаражаттың ұзақ уақыт өтелуіне байланысты инвесторлардың қызығушылығының төмендігі. Екіншіден, инфрақұрылымның жоқтығы, Яғни, туризм нысандарына кіретін жолдардың, электр желілері, байланыс, сумен жабдықтауға және кәріздің жоқтығы. Үшіншіден, ірі елдімекендерден жер учаскелерінің қашықтығы. Төртіншіден, экологиялық туризмді дамытуға инвестицияларды қолдаудың қаржылық тетіктерінің жоқтығы, - деді вице-министр.Экотуризмге басымдық беріледі. Адамдар көп келетін жерлерде туристерге қажетті барлық ақпарат берілетін заманауи сапарлау орталықтарын салу жоспарлануда.
Біріншіден, бұл сізге табиғатта тамаша демалуға мүмкіндік береді. Қазақстанда жылдар бойы көз үйренген тау болып үйілген қоқыстан, қаптаған көліктен арылып, адамның табиғатпен өзара байланысының жаңа бір тәсілі қалыптасады. Бұл қоршаған ортаны зерттеу және осы ортаның жағдайын жақсарту мақсатында жасалып отырған шара. Яғни, экотуризмнің негізінде қоршаған ортаға деген қамқорлық жатыр. Сондықтан жыл сайын миллиондаған туристерді қарсы алуда әдеттегідей жерошақ жағып, кәуап пісіру яки от жағу емес. Бұл, ең алдымен, серуендеу және тау туризмі, шаңғы туризмі.
Андорра мен экотуризм дамыған басқа да елдердегідей, Қазақстанда күрделі құрылыссыз жаяулар соқпағы мен жолдар салу, глемпинг, кэмпинг, көру алаңын, этно-ауыл, шатырлы лагерь орнату арқылы дамытылады. Адамдар көп келетін жерлерде туристерге қажетті барлық ақпарат берілетін заманауи сапарлау орталықтарын салу жоспарлануда. Олардың жанында азық-түлік дүкендері, кәдесыйлар сататын сөрелер, медициналық пункттер, туристік құралдарды жалға беру пункттері орналасады, - дейді Ерлан Нысанбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде Абай әлемін 100-ден астам ғалым зерттеуде
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы