Қаңтарда инфляция 0,5%-ды құрады
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы – 1,3%, өзге тауарларға - 0,3%-ға жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 0,2%-ға төмендеді. Бұл туралы ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.
пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
2019ж. қаңтар | |||
2018ж. желтоқсанға |
2015ж. желтоқсанға |
2018ж. қаңтарға |
|
Тауарлар мен қызметтер | 0,5 | 22,9 | 5,2 |
Азық-түлік тауарлары | 1,3 | 24,4 | 5,8 |
Азық-түлік емес тауарлар | 0,3 | 27,3 | 6,4 |
Ақылы қызметтер | -0,2 | 17,1 | 3,4 |
Өткен айда бағаның өсуі жаңа жиналған көкеністерге – 12,2%, жұмыртқаға – 2,1%, мәйекті ірімшікке – 1,5%, күрішке – 1,3%-ға, құс етіне, жылқы етіне – 1,2%-дан, сары майға – 1,1%, шұжық өнімдеріне – 0,9%-ға, ет өнімдеріне, ұнға – 0,8%-дан, қой етіне, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 0,7%-дан, макарон өнімдеріне, жаңа сауылған сүтке, күнбағыс майына, шошқа етіне, кондитерлік өнімдерге 0,5%-дан белгіленді. Темекі өнімдері – 3,6%, алкогольді ішімдіктер 0,8%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі құмшекерге 1,4%-ға тіркелді.
Баға өсімі тоқыма бұйымдарына – 1%-ды, фармацевтикалық өнімдерге, жеке қолданатын тауарларға, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 0,8%-дан, автомобильдерге – 0,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,6%, киім және аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға 0,5%-дан құрады. Тас көмір – 1,7%, бензин – 1,2%, баллондағы сұйытылған газ 0,3%-ға арзандады.
Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне – 0,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 0,7%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 0,6%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 7,9%, темір жол көлігімен 4,2%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 3,6%, кәрізге – 2,1%, суық суға – 2%, электр энергиясына – 1,4%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 0,4%, қоқыс шығаруға 0,3%-ға төмендеді.
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі.
Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2019 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық–түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 31,4%–ды құрады.