2019 жылы Қазақстандағы инфляция 5,4% құрады
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі тұтыну бағасының өсуі 5,4% құрады.
Статистика комитетінің мәліметінше, өткен жылы азық-түлік тауарлары – 9,6%, азық-түлік емес тауарлары – 5%, ақылы қызметтер 0,7% қымбаттаған.
Азық-түлік бағаларына келер болсақ ұн – 27,3%, жарма – 25,3%, күріш – 21,6%, мұздатылған балық – 18,2%, қой еті – 16,9%, сиыр еті – 16,2%, нан – 16%, жылқы еті – 15,4%, картоп – 14,3%, макарон өнімдері – 13,4%, жұмыртқа – 11,9%, құс еті мен шошқа еті – 11,6% қымбаттаған.
Ал автомобиль бағасы – 8,8%, оқу-анықтамалық әдебиеттер – 7,8%, кеңсе таурлары – 6,8%, киім және аяқ киім – 6,7%, құрылыс материалдары – 6,6%, тоқыма бұйымдары – 6,4% артқан.
Сондай-ақ, фармацевтикалық өнімдер мен тұрмыстық аспаптар – 6,2%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 6,1%, жуғыш және тазалағыш құралдар – 5,8%, жеке қолданылатын тауарлар 5,7% өскен. Дизель отыны, көмір 1,1% қымбаттаса, бензин – 4,6% ал баллондағы сұйытылған газ 0,4% арзандаған.