13 Маусым 2023 2023, 10:56 Фото: - архив

Инфляция 0,6 пайыз. Елімізде инфляция үш ай қатарынан бәсеңдеді

Бұл туралы Үкіметте Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкіметте Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жылдық мәндегі азық-түлік инфляциясы ақпан айындағы ең жоғары 26,2 пайыздан 16,5 пайызға дейін баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы – 17,2 пайызға, ақылы қызметтер инфляциясы 13,5 пайызға дейін төмендеді, - деді ол.

Айтуынша, мамыр айында жылдық мәнде 15,9 пайызға дейін бәсеңдеген. Инфляцияның айлық деңгейі 0,6 пайыз.

Банк төрағасы азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша бензин мен дизель отынының шекті бағалары көтерілгендіктен жанар-жағармай бағасы өскенін атап өтті.

Ұлттық банк инфляцияның баяулау үрдісі одан әрі жалғасады деп күтеді, - дейді Пірматов.