Инфекционист симптомсыз науқастарды неге ауруханаға жатқызуға болмайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Симптомсыз науқастарды неге ауруханаға жатқызуға болмайтынын жетекші инфекционист дәрігер Динагүл Баешева денсаулық сақтау министрлігінің онлайн брифингінде айтып берді.

Симптомды және симптомсыз науқастарды бір палатада жатқызуға болмайды. Қазір ыстық кезеңде бір палатада екі түрлі науқас жатса, қиын болады. Себебі, ауруы ауыр өтіп жатқан науқас үшін кішкентай жел болсын ауыр тиеді. Оған онсыз да тыныс алу қиын. Ал симптомсыз науқас терезені ашқысы келетін шығар. Терезе ашық болуы да керек. Себебі, оның жағдайы жақсы, ауру белгілері жоқ. Осындай жиналу өзге вирустық ауруларды қоздырып жіберуі мүмкін, - деді ол. 

Маманның айтуынша, симптомсыз науқастарға ауруханаға ұмтылудың қажеті жоқ.

Өз қорқынышынан ауруханаға жатуды қалау дұрыс емес. Мен бұл мәселеге саналы қарауға шақырамын. Себебі, симптомы бар науқастарға ауруханадан орын табылмай қалуы мүмкін. Ал симптомсыз науқас үйінде осылай оқшаулана алса, ауруханада не үшін жатқанын ойлауы мүмкін. Сондықтан да екі жаққа да қысым тиүсірмей, түсінушілікпен қарау керек, - деді ол. 

Динагүл Баешева айтқандай, маска тағу талаптарын барынша қатаң сақтау керек.

Адамдардың маскада тұрып, бір-бірін сүйіп, құшақтап амандасқаннан кейін, маскаларын тағып алу дұрыс емес. Басқа жағдайға үйреніп, бейімделу керек, - деді дәрігер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы