Инфаркттен құтқаратын дәрі ойлап табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар инфаркттен құтқаратын дәрі ойлап тапты. Дәрі Фрейзер аралындағы ең улы өрмекшілердің уында болатын заттектер негізінде жасалған деп жазады Korrespondent.net.
Осылайша, австралиялық ғалымдар миокард инфарктіне шалдыққан жандарға арашашы болып, сондай-ақ донорлық жүректің өміршеңдігін ұзартуға тырысқан. Жүрек ұстамасынан кейін жүрекке келетін қан ағымы төмендеп, жүрек бұлшықетінде оттегінің жеткіліксіздігіне алып келетіні белгілі. Оттегі жеткіліксіздігі жасуша ортасын қышқылдандырып, молекулалық деңгейде организм жүрек жасушаларына өлім туралы хабар жібереді.
Ондаған жылдар бойы ғалымдар жүрек жасушасындағы «өлім сигналын» тоқтататын дәрі әзірлей алмаған. Бірақ Квинсленд университеті мен Жаңа Оңтүстік Уэльс университетіне қарасты Виктор Чан кардиологиялық зерттеу институтының мамандары мәселенің шешімін тапты. Олар Фрейзер аралындағы өрмекшінің уында Hi1a ақуызы «өлім сигналын» өтікзбей, жүректің иондық арналарындағы қышқылға сезімталдықты жоятын көрінеді.
Нәтижесінде жасушалардың өлімі төмендеп, инфарктке ұшыраған пациенттердің өмірлері ұзарады.