«Индустриялық саясат туралы» заң жобасы әзірленді – Скляр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Үкіметте Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы  өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты.

Индустрия бағдарламасы бойынша өндірістік секторға аса назар аударған дұрыс. Бұл қол жеткізілген көрсеткіштермен расталып отыр. 2020 жылдың 7 айында өнеркәсіп 3,8 пайызға артты. Фармацевтика 23,2 пайызға, машина жасау 13,9 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 7,3 пайызға артты. Президент өз Жолдауында нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың жоғары қарқынын белгіледі. Өңдеу өнеркәсібінде  өндіріс көлемін 1,5 есеге арттыру  бойынша ауқымды жұмыс жүргізу қажет, - деді ол. 

Скляр жыл соңына дейін металдар өндірісі бойынша отандық кәсіпорындар мен қосымша құны жоғары өнімдер шығару бойынша оларды қайта өнңдеушілер арасында өзара тиімді ынтымақтастық тетіктер жасалатынын айтты. 

Институционалдық негізді сақтай отырып, жұмыстарға жүйелілік беру үшін «индустриялық саясат туралы» заң жобасымен жұмыс басталды. Қазіргі таңда заң жобасы әзірленді, бизнес қауымдастық пен салалық қауымдастықтар он талқыланып жатыр. Заң жобасында мемлекеттен, квазимемлекеттік сектордан және жер қойнауын пайдаланушылардан кепілдендірілген сатып алуды жүзеге асыру шаралары ескерілген. Транзиттік трафиктік депозицияларды ұстап қалу үшін қызмет көрсету, тасымалдаудың жылдамдығын арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. 2020 жылы республикалық автомобиль жолдарының желісінің 4 мың шақырымы ашық болады. Қанағаттанарлық жолдардың үлесі 90 пайызды құрайды. 2025 жылға дейін автомобильдік жолдардың 100 пайызы қалпына келтіріліп, қайта жаңартылады. Сервистік инфрақұрылымды құру аяқталады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы