Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 53-ке жетті
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.
Зардап шеккендер саны 130-дан асты. Қауіпті аймақтардан бес мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Tribun news-ке сілтеме жасап.
Магнитудасы 7,7 болатын жер асты дүмпулері 15 тамызда тіркелген болатын. Басылым мәліметінше, жалпы саны мыңға жуық афтершок (соққыдан кейінгі дүмпу) болып, оның 46-сы сезілген.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер
Бүгінгі деректер бойынша, қаза тапқандар саны 53-ке жетті. Әртүрлі жарақат алған 130-дан астам адам ауруханаларға жеткізілді.
Бірнеше провинцида мыңдаған үй қирады. Тұрғындар қауіпті аймақтар мен қатты қираған аумақтардан көшіріліп жатыр.
Жеке тұрғын үйлерден бөлек, 87 мектеп және басқа да білім беру мекемесі, 50 ғибадатхана және 70-тен астам мемлекеттік нысан қатты зақымданды.
Көмек көрсетілуде
Елде құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда, сондай-ақ халықты азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұл соңғы бірнеше айдағы магнитудасы 7-ден асатын үшінші жер сілкінісі.
Еске салайық, 24 маусымда Венесуэлада 2 рет жер сілкінді. Зілзаланың магнитудасы 7,2 және 7,5 баллға жетті 190 ғимарат толығымен қирап, тағы 856 нысанға айтарлықтай зақым келген. 21 мыңнан астам адам әлі де уақытша лагерьлерде тұрып жатыр.
Бұл жер сілкінісі Венесуэлада 1900 жылдан бері болған ең күшті зілзала деп танылды.