22 Қараша 2022 2022, 21:48

Индонезиядағы жер сілкінісінен 162 адам қаза тапты

Жер сілкінісі Батыс Явадағы Чианджур қаласында 10 шақырым тереңдікте болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісі Батыс Явадағы Чианджур қаласында 10 шақырым тереңдікте болған,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Магнитудасы 5,6 баллға тең. ВВС басылымының хабарлауынша, апаттан 100-ден аса адам жарақат алған.

Құтқарушылар қираған үйінділердің астынан тірі қалған адамдарды әлі де іздестіруде. Сондай-ақ 13 мың адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған.