Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза тапқан алғашқы жолаушының тұлғасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияның құқық қорғау органдары Яван теңізінде апатқа ұшыраған Sriwijaya Air ұшағында қаза болған алғашқы адамның тұлғасын анықтады.

Бұл туралы ұлттық полицияның қоғаммен байланыс басқармасының өкілі Каро Пэнмас мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

ДНҚ үлгілерін салыстыру барысында біз алғашқы нәтижелерді алды... Бұл Джакартада туып-өскен 29 жастағы жолаушының талдауы, - деп келтірді оның сөзін Detik ақпараттық порталы.

Оның айтуынша, қазір қаза болғандардың туыстарынан 53 ДНҚ үлгісі алынды.

Бұдан бөлек құқық қорғау органдарының өкілі құтқарушылардың дене мүшелері бар 17 қап теңізден алынғанын айтты.

Айта кетейік,  9 қаңтарда Джакартадан ұшып шыққан Sriwijaya Air әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшағы Яван теңізі маңында апатқа ұшыраған еді. Әуе бортында 65 адам болған. Оның 12-сі экипаж мүшесі, 7 бала мен 3 нәресте. Құтқарушылардың мәліметіне сәйкес, ұшақ апаттық белгі бермеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы