16 Тамыз 2026, 00:41 Фото: Informburo.kz

Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті

Жер сілкінісінен кейін Индонезияның бірнеше ауданында биіктігі бір метрге жетпейтін цунами толқындары тіркелді. Билік цунами қаупі туралы ескертуді шамамен үш сағаттан кейін алып тастады.

Индонезияның шығысында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі салдарынан кемінде 47 адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Табиғи апаттардың салдарын азайту жөніндегі ұлттық агенттігі (BNPB) мәлімдеді.

Жер сілкінісінен кейін ондаған қайталама дүмпу тіркелген. Флорес аралындағы Маумере қаласында құтқарушылар 20 адамның денесін тапты, алты адам жарақат алған. Бірнеше елді мекенде адамдардың ғимараттардың қирандылары астында қалғаны хабарланды.

Эпицентрге жақын орналасқан Нагекео аймағына құтқарушылар әлі жете алмаған. Опырылған топырақ жолдарды жауып, өңірде байланыс үзілген. Нагекеода шамамен 2 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғын үйлер, қоймалар мен мемлекеттік ғимараттар зақымданған.

Жер сілкінісінен кейін Индонезияның бірнеше ауданында биіктігі бір метрге жетпейтін цунами толқындары тіркелді. Билік цунами қаупі туралы ескертуді шамамен үш сағаттан кейін алып тастады.