13 Шілде 2026, 07:48 Фото: report.az

Индонезияда жүк көлігі мен пикап соқтығысып, 11 адам қаза тапты

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Индонезияның Батыс Ява провинциясында жүк көлігі мен пикаптың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан 11 адам қаза тапты.

Report-тың мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, пикап жүргізушісі бұрылмақ болған сәтте артынан келе жатқан жүк көлігі көлікке соқтығысқан.

Апат салдарынан зардап шеккен 11 адам жақын маңдағы екі ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.