Индонезияда жаппай наразылықтар тәртіпсіздіктерге ұласты
Индонезияда жұмыс орындары мен еңбекақы мәселесіне байланысты басталған жаппай наразылықтар елдің бірнеше ірі қаласында тәртіпсіздіктерге ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Bloomberg таратқан мәліметке сәйкес, Макассар қаласында өңірлік парламент ғимаратына от қойылып, кемінде үш адам қаза тапты, бірнешеуі жараланды. Бандунгте төрт ғимарат өртенді. Джакартада полиция бөлімшелері мен қоғамдық көлік нысандарына шабуыл жасалды, метро станциялары мен автобустардың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Жалпы ел бойынша жүздеген адам ұсталып, ондағаны жараланды. Қалаларда әскер күшейтілген тәртіпте күзет жүргізуде.
Президент Прабово Субианто халықты сабырға шақырды, алайда наразылық акциялары жалғасып жатыр.
Сарапшылардың айтуынша, жағдайды полицияның бронемашинасы қағып кеткен мототакси жүргізушісінің қазасы одан сайын ушықтырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тамақ жеткізуші курьер украиналық депутатты өлтіріп кетті
Өзгелердің жаңалығы