Индонезияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 900-ден асты
Индонезияның Суматра аралында осы айда болған су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 900-ден асты. Бұрын 846 адам қаза тапқаны хабарланған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Report басылымына сілтеме жасап.
Reuters агенттігі ресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, сенбіде Суматрадағы үш провинцияны жойып өткен циклон салдарынан 916 адам қаза тауып, 274 адам хабар-ошарсыз кетті.
Апат тек Индонезияны ғана емес, көрші елдерді де әсерлеп, Оңтүстік Тайланд пен Малайзияда шамамен 200 адам қаза тапқан.
Суматрадағы жергілікті үкімет шенеуніктері Джакартадағы ұлттық үкіметті құтқару және гуманитарлық операцияларға қосымша қаражат бөлуді қамтамасыз ету үшін ұлттық төтенше жағдай жариялауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы