Индонезияда Семеру жанартауы оянды

Индонезияның Ява аралындағы Шығыс Ява провинциясында жанартау атқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ТАСС агенттігі таратқан мәліметтерге сәйкес, жанартау күл мен түтін 1,5 мың метр биіктікке лақтырған. 

Жанартауға 5 шақырым жерден артық жақындауға тыйым салынған. Жанартаудың атқылауынан орын алған қандай да бір салдары туралы ақпарат жоқ. 

Қазір Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы цунами орын алу қатері болуына байланысты қолда бар деректерді зерттеу үстінде. Егер ол орын алса, толқындар Окинава оңтүстік префектурасының алыстағы аралдарына дейін жетуі мүмкін деген қауіп бар. 

Семеру жанартауы тура төрт жыл бұрын 4 желтоқсан күні атқылаған еді. Ол уақытта 50-ден астам адам қаза тапты. 

Семеру Ява аралындағы ең жоғары шың болып саналады. Индонезия аумағында 130-дай белсенді жанартау орналасқан.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы