Индонезияда көшкін салдарынан жеті адам қаза тапты

Индонезияда болған көшкін салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы 82 адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Reuters агенттігінің Индонезияның Табиғи апат салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттігіне сілтеме жасап таратқан мәліметіне сәйкес, көшкін Батыс Ява провинциясындағы Батыс Бандунг ауданында болған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік өкілдері келтірілген шығын көлемін және зардап шеккендер санының қанша болуы мүмкін екенін бағалап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы