16 Қараша 2025 2025, 07:18 Фото: IMAGO/Xinhua

Индонезияда көшкін салдарынан 11 адам қаза тапты

Индонезияның Орталық Ява аймағында болған көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті. Бұл туралы жергілікті іздеу-құтқару қызметінің басшысы Мұхаммед Абдулла мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ 20 Minutes басылымына сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, тағы 12 адам хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында, оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Көшкін қатты жауған жаңбырдан пайда болып, үш ауылға соққы беріп, бірнеше үйді қиратып кеткен.

Бұған дейін Қытайдың Сычуань провинциясында көшкін салдарынан көпірдің жартысы опырылып түскені хабарланған. Алдын ала жүргізілген қауіпсіздік шараларының арқасында ол жерде зардап шеккендер болмаған.