Индонезияда есірткімен ұсталған екі қазақстандыққа қатысты тергеу жүріп жатыр – СІМ

Индонезияда есірткімен ұсталған екі қазақстандыққа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл ақпарат ресми түрде расталды. Индонезия тарабы Қазақстан азаматтарының ұсталғаны туралы мәліметті елшілігімізге жолдады. Олар Бали аралында 49 грамм метамфетаминмен ұсталған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр, – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, екі ел арасында ұсталған азаматтарды еліне қайтару туралы келісім жоқ. Дегенмен Қазақстан тарапы бұл мәселені бұрыннан көтеріп келеді.

2014 жылдан бері бұл мәселе Индонезия тарапымен талқыланып келеді. Бұған дейін ондай жағдай тіркелмегендіктен, олар келісім қажет емес деп есептеп келді. Алайда қазіргі жағдай мұндай құжаттың қажеттігін көрсетіп отыр. Біз ресми сауал жолдауға мүдделіміз. Индонезия тарапы жауап берсе, екіжақты жұмыс сол негізде жалғасады, – деді Бақаев.

Ол сот үкімінен кейін ғана нақты шаралар қабылданатынын айтты.

Қазір екі азаматқа қатысты ресми ақпарат бар. Енді Индонезия сотының шешімін күтеміз. Сот үкімі шыққан соң, тиісті жұмыстар жүргізіледі, – деді СІМ өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив/ Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы