Индонезияда ереуілшілер парламент ғимаратын жағып жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияның шығысындағы Папуа провинциясында халық ереуілге шықты, деп хабарлайды 24.kz.
Наразы жұрт көлік резеңкелерін өртеп, жергілікті парламент ғимаратын жағып жіберген.Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметіне сай, ереуілшілердің мұндай әрекетіне ондаған папуалық студенттің қамауға алынуы себеп болды.
Айта кетсек, 17 тамызда Индонезияның тәуелсіздік күні мерекесі кезінде студенттер жатақхана алдындағы тутұғырды майыстырғандары үшін тұтқындалған болатын. Осыған байланысты тұрғындар көшеге шығып, қарсылықтарын білдіріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жайықтың тайыздануынан Оралды сумен қамтуда іркіліс жиілеп кетті
Өзгелердің жаңалығы