Индонезияда денге қызбасынан көз жұмғандар саны артты

Индонезияда жыл басынан бері денге қызбасы ауруынан қайтыс болғандар саны 475-ке жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ TRT агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезияның Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылдың басынан бері денге қызбасынан қайтыс болғандар туралы мәліметтерді жариялады. Елде денге қызбасы ауруын жұқтырғандардың саны 62 мың 1-ге, аурудан қайтыс болғандар санының 475-ке жеткені айтылды.

Осылайша, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде ауруға шалдыққандар саны 174,9 пайызға, аурудан қайтыс болғандар саны 179,4 пайызға өскені айтылды.

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы кездері шыбын-шіркей көбейетін аумақтарды дезинфекциялау мен тазалауға назар аудару керектігін ескертті.

2016 жылдан бері елде мыңдаған адам денге қызбасынан көз жұмды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: trt.net.tr
Өзгелердің жаңалығы