Индонезия жағалауында жер сілкінді

Индонезияның Талауд аралдары маңында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Солтүстік Сулавеси провинциясындағы Талауд архипелагының әкімшілік орталығы Мелонгуанеден оңтүстік-шығысқа қарай 52 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 17 шақырым тереңдікте болған.

Жерасты сілкінісінің эпицентрі 3,64 градус солтүстік ендік пен 126,98 градус шығыс бойлық нүктесінде тіркелген.

Агенттік қайталама дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы