12 Қыркүйек 2026, 13:51 Фото: magnific.com

Индонезия жағалауында магнитудасы 6,6 болатын жер сілкінісі тіркелді

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Индонезия жағалауында магнитудасы 6,6 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы 358 шақырым тереңдікте орналасқан.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Ява аралындағы Телукнага қаласынан шамамен 115 шақырым солтүстікте орналасқан.

Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Сонымен қатар цунами қаупі жарияланған жоқ.

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.