15 Тамыз 2026, 08:27
Фото: depositphotos.com
Индонезия жағалауында 7,6 балдық жер сілкінісі болды
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан ғимараттар қирап, кемінде екі адам қаза тапқан.
Индонезияның Флорес аралы маңында қуатты жер сілкінісі тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 болған.
Жер сілкінісінің ошағы Флорес аралының жағалауында, Эндеден шамамен 68 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі бірнеше кейінгі дүмпумен жалғасқан.
Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігі цунами қаупіне байланысты ескерту жариялап, жағалау тұрғындарын қауіпсіз жерге шығуға шақырды. Кейін ескерту күші жойылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан ғимараттар қирап, кемінде екі адам қаза тапқан. Құтқару қызметтері зардап пен материалдық шығын көлемін анықтап жатыр.