Індеттен көз жұмған науқас 19 күн Нұр-Сұлтанда емделген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індеттен көз жұмған науқас 1958 жылы туған Шахтинск тұрғыны 5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальға түскен.

14 сәуір күні ол COVID-19 коронавирустық инфекциясымен, екі жақты пневмония диагнозымен ауыр халде Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына ауыстырылды. Ер адам 19 тәулік бойы ем алды. Дәрігерлер науқастың өмірін арашалап қалу үшін қолдарынан келген бар әрекетті жасағанына қарамастан, 3 мамырда науқас қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 154 оқиғасы анықталды, оның ішінде екеуі өліммен аяқталған және 68 адам емделіп шықты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы