28 Наурыз 2022 2022, 09:16
Індетке шалдыққан 46 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 28 наурыздағы ақпарат жарияланды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 28 наурыздағы ақпаратты COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жариялады.
28 наурыздағы мәлімет бойынша 4 157 адам коронавирус инфекциясынан (3 140 КВИ+ және 1 017 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
443 пациент стационарда,
3 714 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
46 адамның жағдайы ауыр,
6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
9 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.