Індет жұқтырғандардың 70%-нан Омикрон ВА.5 штамы анықталды – ДСМ
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүкіл әлемдегі сияқты, Омикрон ВА.5 штамының нұсқасы тудырған COVID-19-дың кезекті толқыны ағымдағы жылғы шілдеде елімізде жүргізілген генетикалық зерттеу нәтижелері бойынша зерттелген үлгілердің 70%-да анықталды. Бұл нұсқа жоғары жұқпалығымен сипатталады және Дельта нұсқасымен салыстырғанда әлдеқайда ауру жеңіл өтеді, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері.
Айтуынша, бұл науқастардың 94%-дан астамы амбулаториялық жағдайда емделеді.
Стационарлық ем қабылдайтын пациенттерді талдау кезінде 36%-ы 18 жасқа дейінгі балалар, 64%-ы ересектер екені, ал ауырған барлық адамдның 52%-да қосалқы созылмалы хроника аурулары бар екені анықталды. Өткен жылмен салыстырғанда КВИ-ға күдікті жедел медициналық көмекке шақырулар саны 3,7 есеге азайғанын атап айтқым келеді, бұл көрсеткіш те аурудың жеңіл түрде өтіп жатқанын айқындайды, - деді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, министр жеті күннен бері Алматыда эпидахуал тұрақты екендігін айтқан болатын.