Маңғыстауда індет жұқтырғандар саны 20-ға жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат таратты.

Маңғыстау облысында  коронавирусты жұқтырған 2 адам анықталды. Олар 73 және 21 жастағы Ақтау қаласының  тұрғындары. Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта науқастар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылған - делінген хабарламада. 

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған. 

Қазіргі жағдай бойынша өңірде 18 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы