БҚО-да індет жұқтырғандар Ресейден келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында тіркелген соңғы 6 жағдай бойынша коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі мәлімет берді.

4 науқас - Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. 2 науқас - Ақтөбе облысының тұрғыны. Бірінші жағдайда, науқас Ресей Федерациясынан келді. Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" бекетінде СКП қызметкерлері сауалнама толтыру, байланыссыз термометриямен тексеру кезінде ешқандай шағымы болған жоқ. Келген сәттен бастап үй карантинінде, медицина қызметкерінің бақылауында болды. 14 наурызда дене қызуының жоғарылауына байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Екінші пациент бірінші науқаспен бірге тұруы, сондай-ақ дене қызуының көтерілуі себепті, жақын байланыс ретінде тіркелді - делінген хабарламада.

Соңғы 4 жағдай бойынша анықталған науқастар - Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.

РФ шекарадағы "Тасқала" бекетінде СКП қызметкерлерімен сауалнама толтырылып, байланыссыз термометриямен тексерілді. Шағымдары болған жоқ. Кейін карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық стационарға жатқызылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда - дейді ресми ақпарат көзі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы