БҚО-да індет жұқтырған адам Ресейде жұмыс істеп келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған соңғы 1 адам жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.

Ағзасынан коронавирус инфекциясы табылған азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғыны. "Тасқала" бекетінде эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде, азаматтың денсаулығына ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді. ПТР диагностикалық зерттеуінің қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды - делінген хабарламада.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошағында эпидемиологиялық зерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

17.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 33 адам тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы