БҚО-да індет жұқтырған 4 адамның үшеуі Ресейде жұмыс істеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 4 адам туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Коронавирус инфекциясы табылған 4 азаматтың 2-еуі Қызылорда облысының, 1-еуі  Батыс Қазақстан облысының 25, 32 және 36 жастағы тұрғындары. Олардың барлығы Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын азаматтар. Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы "Сырым" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия арқылы тексеру және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес, эпидемиологтар жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы анықталған тағы бір азамат 60 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 4 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды - делінген хабарламада.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

21.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 68 адам анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы