Индердегі тұзбұлақтан жоғары сапалы ас тұзы өндіріледі

Атырауда жаңа өнім. Индердегі тұзды көлден жоғары сапалы ас тұзы өндіріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл істі "INDERTUZCOMPANY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. 

Қазір кәсіпорында 10 жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылған. Ас тұзы стандартты әдіспен өңделеді.  Сапасы өте жоғары, кристалдылығы 99,5 пайызды құрайды. Йодталған ас тұзы Қазақстанның түпкір-түпкіріне жеткізіледі. Табиғи минералдың адам денсаулығы үшін, нақтырақ айтсақ, жүрек, қан айналымы үшін маңызы зор. Зауыттың техникалық директоры Димат Туғанбайдың айтуынша, айына 2000 тонна ас тұзын өндіру жоспарланған, - делінген Индер аудандық әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір тауардың құжаттары әзірленіп жатыр. Сараптамадан кейін, нарыққа жөнелтіледі.

Кәсіпорын сағатына 20 тонна тұз өңдеуге қауқарлы. Қазірдің өзінде  Ресей елінен тапсырыс түсіп жатыр. Жарты жылдықта жоспар бойынша тағы 60 адамды жұмыспен қамту жоспарда бар.

 Айта кетейік, "INDERTUZCOMPANY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2017 жылдан бері  техникалық тұзды тұрақты өндіріп келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы