Индерборға баратын 7 шақырым жол жабылады

Атырау-Орал трассасынан Индерборға баратын 7 шақырым жол жабылады. Бүгін кірмежолды уақытша жабу туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің мәлім етті.

Атырау-Орал тасжолынан Индербор кентіне дейінгі 7 шақырымдық жолды су басу қаупі туындады. Осыған орай кірме жол жабылады, - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Атырау облысының жедел штабының мәліметіне сүйенсек, бүгін, 10 мамырда Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілген. Мәселен, түсқайта сағат 16:00-де Индербор кентінің тұсындағы су деңгейі 1019 сантиметр болған. Бұл қауіпті шектен 174 сантиметрге көп.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы