Индер ауданында жағалауды нығайту жұмыстары 95% аяқталды
Индер ауданында жағалауды нығайту жұмыстары 95% аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аудандағы қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 17 850 м-ден 27 820 м-ге дейін ұлғайтылды.
Биыл көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары аясында қосымша 9970 м қорғаныс бөгеттері салынды. Негізінен қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елді мекендері кіреді, бұл аумақта 10 500 метр қорғаныс бекіністері орналасқан, - деді Индер ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Әділ Қонқаев.
Қазіргі уақытта Индер ауданында 24 220 м жағалау сызығы нығайтылды, бұл жалпы жұмыс көлемінің 95% құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су шатырмен бірдей. СҚО-да су арнайы техникамен сорылады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы