Индер ауданында 1,5 мыңға жуық мал қауіпсіз жерге көшірілді
Индер ауданында Жайық өзені деңгейінің жоғарылауы байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Су тасқынының алдын алу мақсатында шаруашылығы Жайық өзенінің жағасында орналасқан қожалықтардың иелеріне және жеке тұлғаларға қолдағы малды қауіпсіз жерге айдау туралы ескерту берілді.
Ірі және ұсақ малдарды Атырау - Орал және Атырау-Индер тас жолының бойындағы биік жерлерге айдау ұсынылады. Малдарды көшіруге арналған орындарды Индер ауданының әкімдігі белгіледі, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Индер ауданы бойынша барлығы 1479 бас мал қауіпсіз жерге айдалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Адвокат Бишімбаев Нүкенованы не үшін видеоға түсіргенін айтты
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы