Индер ауданы. Қорғаныс бөгеттері үшін 350 400 қап дайындалды

Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі 10 см-ге көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, көктемгі су тасқынына дайындық аясында Индер ауданында қорғаныс бөгетінің көлемі 25 270 м жетті.

Бүгінгі таңда Индер ауданы бойынша қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 17 850 м. Биыл көктемгі су тасқынына дайындық шаралары аясында қосымша 7420 м бөгет салынды. 

Осылайша, бөгеттердің жалпы ұзындығы 25 270 м - ге дейін ұлғайды, 15 сәуірдегі жағдай бойынша 22 520 м бөгет салынды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Жалпы, Индер ауданы бойынша жағалауды нығайту жұмыстарына 84 арнайы техника, 425 мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар, 350 әскери қызметші жұмылдырылды. Қорғаныс бөгеттері үшін 350 400 қап дайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы