Коронавирустан кейін Қытайдан келетін импорт көлемі азайып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдағы коронавирус инфекциясы Қазақстанға келетін импорт көлеміне әсер етіп жатыр екен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында вице-премьер әрі қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері есеп беріліп отырған кезеңнің жоспарына қарағанда 97,3 пайызға, олардың ішінде республикалық кірістер 83 пайызға, жергілікті бюджеттер – 145,3 пайызға орындалды. Республикалық бюджеттің кірістерінің толығымен орындалмауы – сыртқы факторлардың әсерінен болып отыр. Біріншіден, Қытайда өткен жылдың соңында пайда болған коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізуде, - дейді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, биылғы жылдың ақпан айында Қытайдан келетін импорттың көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11 пайызға, ал физикалық көлемі 27 пайызға төмендеген.
Осының салдарынан Қытайдан келетін импорттық тауарлардан түсетін кедендік баждар мен салықтардың көлемі 12 пайызға, яғни 2,1 млрд теңгеге азайды. Жалпы есептік кезеңде Қытайдан келетін автокөлік құралдарының саны 24 пайызға және темір жол көліктері 14 пайызға азайды. Одан басқа, ақпан айында ЕАЭО елдерінен импорт тасымалдайтын автокөліктің саны 20 пайызға төмендеді, - дейді вице-премьер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теңгенің айырбастау бағамын қорғау қажет – Ұлттық банк
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы