Иммунитетті көтеру үшін жылқының етін жеу керек – Дәленов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Иммунитетті көтеру үшін қандай талаптарды орындаған жөн? Бұл сұраққа Астана мемлекеттік медицина академиясының профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының меңгерушісі Ерболат Дәленов жауап берді.
Қорыққан адамның иммунитеті көтерілмейді. Сондықтан, адамның жүріс-тұрысында позитивті қабылдау болу керек. Екіншіден, жеке гигиеналық талаптарды ұстану керек. Даладан үйге кірген бойда қолды сабынмен жуу керек. Мұрынды, ауызды сабынды сумен шайып тұру қажет. Далаға шығарда медициналық масканы міндетті түрде киіп шығу керек, - деді ол.
Ерболат Дербісәліұлының айтуынша, қазір кіреберістерде адамдар вирус жұқтырып жатыр.
Оның себебі,тұрғындар далада маскамен жүріп, кіреберісте шешіп тастайды. Кіреберісте масканы шешпеу керек. Кіреберіс желдетілмеген соң, вирустың ошағы болып саналады. Адамдар вирустың барына енді көз жеткізіп, ПТР тест тапыруға барып жатыр. Басында солай істеу керек еді, түсінбей барлығы далаға шығып кетті.Той жасап, ауыз ашты. Жағдайды ушықтырды, - деді ол.
Дәленов әрбір азамат ауруды жұқтырмаудың жауапкершілігін түсіну керегін айтады.
Тамақтану режимін де қолға алу керек.Қазір вирус симптомды, симптомсыз деп екі түрге жіктеліп жатыр. Вирустың зақымдамайтын жері жоқ.Өкпенің қақпасынан бастап ішекке, жүрекке, қан-тамырларына дейін барады. Ең бірінші тыныс арқылы өкпеге енеді. Өкпенің альвеола қабығын жандырып жібереді.Сол үшін оттегі өтпей, адам тұншығады. Өкпе альвеоласының қабаттары майдан тұрады. Коронавирус сол майды жеп қояды, - деді ол.
Маманның айтуынша, иммунитетті көтеру үшін сорпа ішу керек.
Тауықтың, жылқының сорпасын ішу керек. Өкпеге май керек. Жылқының етінде барлық витамин бар. Ақуыз, микроэлементтер де кездеседі. Коронавирустан сақтану үшін 40-50 пайыз шамалап ет жесе, қалған 50 пайызына көкөніс пен жеміс-жидекті тұтыну керек. Сәбіз, қызанақ, брокколи, асқабақтың дәні,өріктерді де ұмтыпау керек. Суға бір шай қасық куркума қосып ішкен абзал. Ол да иммунитетті көтереді, - деді ол.
Сондай-ақ, Дәленов симптомсыз науқастар басты таратушылар екенін айтты.
Ондай науқас өзі ауырмайды, бірақ инфекцияны белсенді таратады. Симптомсыз науқас түшкірген кезде 2 млрд вирусты далаға шығарады. Сол үшін маска киюі керек. Симптомсыз науқастар қазір үй жағдайында емделіп жатыр. Оларға сорпа ішу керек. Сосын қайнатылған суға сода қосып, оның ыстық буымен демалу керек. Күніне екі рет: таңертең және кешке буға демалған абзал. Себебі, сода организмге вирустың таралуын тоқтатады. Қабыну процесі төмендеп, жөтелу азаяды. Тамақты да шайып тұрған пайдалы, - деді ол.
Сондай-ақ, маман медициналық масканы тағудың ережелеріне тоқталды.
Масканы үш сағат сайын антисептик, санитайзермен дезинфекциялап тұру керек.Ол вирусты таратпайды. Осы талаптарды ұстану керек. Бұл ережелер әлі де кеңінен халыққа тарамай жатыр,- деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе полицейлері ірі көлемде есірткі затын тәркіледі
Өзгелердің жаңалығы