Имашев ОСК мүшелерінің сайлау кезіндегі қызметтерімен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Берік Имашев комиссия мүшелерімен таныстырып, олардың кезектен тыс президент сайлауында атқаратын қызметтері туралы айтты.

ОСК төрағасы комиссия мүшелерінің атқаратын қызметтері туралы баяндады. 

«ОСК сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін басқарады. Жеті мүшеден тұрады. Константин Петров – ОСК төрағасының орынбасары, сайлау процесін ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді. Сайлаушылар тізімдері мен қол қою парақтарымен жұмысты үйлестіреді», - деп айтты Имашев.

Ал комиссия хатшысы Сабила Мұстафина  электораттық науқандарды қарау және материалдық, техникалық  қамтамасыз ету мәселелеріне  электортаттық оқылу ұйымдастыруға жетекшілік етеді. 

Зәуреш Баймолдина – құқықтық қамтамасыз ету, халықаралық байқаушылармен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етеді.

Бақыт Мельдешов респулика аумағында тыс жерлеріне тұратын азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Ләззат Сүлеймен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік етеді

Ақылбек Ихданов саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы