Иманбектің жеңісі барша қазақ жастарын қанаттандырғаны сөзсіз – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандасымыз, талантты музыкант Иманбек Зейкеновті «Грэмми» сыйлығын жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Бұл – егемен еліміз үшін тарихи жеңіс және зор мәртебе. Дарынымен барша әлемді таң қалдырған жерлесіміздің алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.

Иманбек бауырымыздың жеңісі барша қазақ жастарын қанаттандырып, алға жетелейтіні сөзсіз. Шын мәнінде, арманы асқақ, мақсаты айқын адам үшін алынбайтын қамал жоқ. Ең бастысы, ешқашан арманнан қол үзбей, сол жолда талмай еңбек ете білу керек. Жеңіс құтты болсын!, - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы