7 Мамыр 2021 2021, 18:50
Иманбектің тағы бір туындысы жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Гремми» сыйлығының иегері, павлодарлық Иманбек Зейкенов пен ұлыбританиялық әнші Cher Lloyd Baddest атты жаңа трек шығарды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Гремми» сыйлығының иегері, павлодарлық Иманбек Зейкенов пен ұлыбританиялық әнші Cher Lloyd Baddest атты жаңа трек шығарды.
Бұл туралы Иманбек Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Тректі барлық музыкалық платформадан тыңдауға болады.
Бұған дейін Иманбек Моргенштерн және Fetty Wap-пен трек жазған болатын. Ән Leck деп аталады. Трек 30 сәуірге қараған түні шықты.