Imanbek тағы да Grammy сыйлығына ұсынылды
Қазақстандық диджей Imanbek әлемдегі ең беделді музыкалық марапат – Grammy сыйлығына тағы да ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Латын электронды музыкасының ең үздік интерпретациясы – вокалды немесе аспаптық жазбалары бар жеке орындаушыларға, дуэттерге немесе топтарға арналған, жаңа материалдан тұратын тек синглдар немесе тректер: (…) Ella Quiere Techno – Imanbek & Taichu», – делінген Grammy сыйлығының 2025 жылғы үміткерлер тізімінде.
Imanbek пен Taichu орындаған Ella Quiere Techno трегі Warner Music Latina Inc. компаниясы арқылы жарық көрген.
Еске салайық, 2021 жылғы 15 наурызда қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды.
Бұл жетістік оны Қазақстаннан шыққан алғашқы Grammy иегері етті және қазақ электронды музыкасының халықаралық деңгейде мойындалуында жаңа кезеңнің басталуына себеп болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кибер-Мүфти тәжірибесі: ЖИ радикализмге тосқауыл бола ала ма?
Өзгелердің жаңалығы