−3

Имамдарға әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынбақ

Имамдарға әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынбақ

27 мамырдан бастап Өзбекстан мешіттерінің барлық имамдарына әлеуметтік желілерге кіруге және жазбаларға "лайк" қоюға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасы бұл шектеуді ресми түрде растады. Мамыр айының соңында барлық имамдар Ташкенттің бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтан аудио хабарлама алды. Онда имамдарға әлеуметтік желілерде пікір білдіруге және кез келген жазбаға "лайк" басуға тыйым салынғаны айтылған.

Өзбекстанда 16 конфессияға тиесілі 2285 діни ұйым бар. Олардың ішінде 2098-і исламдық ұйымдар, ал 188-і басқа діни ағымдарға жатады.

Республика бойынша діни ұйымдар мен конфессиялардың қызметі "Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы" заңмен реттеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы