Имам ораза ұстайтындарға сәресін жіберіп алмауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов әкімдікте өткен онлайн брифингте ораза ұстаушыларды сәресін жіберіп алмауға шақырды.
Қаланың бас имамы коронавирус өршіп тұрғанда ораза ұстайтын азаматтарға қалай тамақтану туралы кеңес берді.
Шариғатта ең құнды дүние - бұл адамның жағдайы, денсаулығы. Оразада көп жағдайда рухани дайындалу, оразаның сауабы, ерекшеліктері туралы көптеген кездесуде, уағыз-насихатта айтып жүрміз, - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар ол ораза ұстаған кезде қандай жайттарға мән беру керектігіне тоқталды.
Сәресіні ішуге мән беру керек. Мысалы көп жағдайда адамдар «ораза ұстаймын, қарным ашпайды» деген желеуді алға тартып, тамақ ішпей (сәресін – Baq.kz), бірден аузын ашып жатады. Бұл – ұлкен қателік. Оразаның ерекшелігінің бірі – сәресін ішу. Пайғамбар хадисте «сәресін ішіңдер, сәреде береке бар» дейді. Ең болмаса, сәреде адамның тәбеті тартатындай тамақ ішкені дұрыс, - деп түсінді Ерболат Жүсіпов.
Ол эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әр ораза ұстаушы адамға сәредегі азыққа мән беруді шақырды.
Әр түрлі дәрумендер, адам ағзасына керекті, пайдалы тамақтарды тұтынып, сәресін ішуге шақырамыз. Сондай-ақ сақтық шарасын ұмытпай, оразаны ұстайтын болсақ, көптеген сауапқа кенелеміз деп айта аламыз, - дейді имам брифингте.
Еске сала кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы діни мерекесі 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында өтеді. Мамырдың 8-нен 9-на қараған түні қасиетті Қадір түні. 13 мамыр күні Ораза Айт мерекесі аталып өтеді.
Бұған дейін елорда мешіттерінде Тарауих намазы оқылмайтыны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Байқоңырдан «Ю.А. Гагарин» кемесі ұшырылады
Өзгелердің жаңалығы