Имам: Коучтар талай отбасын ойран қылды

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов журналист Айкерім Есенәлімен болған подкаст сұхбатта осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отбасылық қарым қатынастарды реттеудің тетіктерін сөз ете отырып, дін қызметшісі көбейіп бара жатқан ажырасулардың себебін жаңа тенденцияларға сәйкес әр түрлі коучтердің ақыл-кеңесін тыңдап алған әйелдер біршама жыл бойы бір шаңырақта тұрған ер-азаматынан кетіп жатыр, - деді.

Ерболат Жүсіповтың пікірінше отбасы мүшелеріне ажырасуды насихаттайтын көп жағдайда өзі отбасын құра алмаған «эксперттер».

Айта кетейік, 2023 жылғы қазан айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның келтірген деректеріне сай, қазақстандықтардың ажырасуы себептері тізімінде бірінші орында алкоголизм мен наркомания тұр. Лудомания мен отбасындағы зорлық-зомбылық екінші және үшінші орындарда.

Қазақ отбасыларының ойран болуына ең танымал себептер тізімінде бесінші орында «мінезінің сәйкес келмеуі» орналасқан. Жұптар ажырасуға арыз тастағанда дәл осы себептерді айқындап көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: muftyat.kz
Өзгелердің жаңалығы